Bugin

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бесінші департаментінің бұрынғы басшысы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

- «Елордада ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов ұсталды. Тергеу оның мүшелері Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстарын жасыруға қатыстылығын тексеріп жатыр», - делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстік облыстары мен кейбір басқа облыстардағы ҰҚК облыстық департаменттерінің бірқатар басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тергеу амалдары жүргізілуде.