Bugin
Мәжіліс депутаттары 5 жыл бойы жалақыларының өспейтініне еш өкінбейді. Президенттң бұйрығымен келіскен олар 600 мың теңгеден асатын айлықтарын қанағат тұтатынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кейбір халық қалаулылары тіпті өмірінде мұндай жалақы алып көрмегеннен кейін қазір тек рахатын сезініп жүр екен.
- «Көппен көрген ұлы той деген қазақтың жақсы бір мақалы бар ғой. Сондай принцип болу керек. Карточка әйелімде. «Где-то» бір 630-650 мыңдай қолына алады. Ет ауылдан туыстарымыздан келеді. Сонда «где-то» бір 170-200 мыңдай кететін шығар» - деді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.
- «Бұған дейін мен мұндай айлық алған емеспін. Сол себепті, қазіргі айлық менің ойымша тиімді. 600 мың теңгенің шамасында аламын. Шамамен 150 мың теңгедей азық-түлігімізге кетеді. Өйткені, енді көпбалалы отбасымыз. Басқасының бәріне жетеді» - деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.
Еске сала кетейік, 1 ақпаннан бастап депутаттар, министрлер мен әкімдердің жалақысын алдағы 5 жылда көбейтпейтіні туралы қаулыны Премьер-министр қабылдаған болатын.