Bugin

Халыққа қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берген басшы қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Энергетика министрлігіндегі Adaldyq Alańy жобалық кеңсесінің басшысы Олжас Байділдинов қызметінен кетті. 

 

- «Қабылданған шешімге байланысты Энергетика министрлігіндегі Adaldyq Alańy жобалық кеңсесінің басшысы ретіндегі қызметімді аяқтаймын және орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардағы қоғамдық саладағы әріптестеріме, министрлік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшыларына сенім көрсеткендері үшін алғыс айтамын», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Ал оның орнына Ерлан Сәрсекеев тағайындалды.

- «Министрліктің Аппарат басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы №37 бұйрығымен жобалық кеңсенің құрамы жаңартылды. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып қазіргі уақытта Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі болып келген Ерлан Медеуұлы Сәрсекеев тағайындалды. Е.М. Сәрсекеевтің мемлекеттік құрылымдар мен жеке секторда, соның ішінде Парламент Мәжілісінің аппаратында, мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Энергетика министрлігінде үлкен тәжірибесі бар. Министрліктің жобалық кеңсесінде жедел желі ұйымдастырылды (8(7172) 78-69-38, ол бойынша кез келген адам кеңес ала алады», – деп жазылған ресми мәліметте.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Байділдинов халыққа қоғамдық көлікпен жүруге кеңеас берген болатын.