Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comОсыдан 42 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева дүниеге келген.
Алматы қаласында туған. Фортепиано сыныбы бойынша Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық музыка мектебін, Лондондағы Ричмонд университетінің халықаралық құқық факультетін, Вашингтондағы университеттің халықаралық құқық факультетін, заңгер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы: «Еуропа плюс» радиосы директорының көмекшісі, «Тұран Әлем» банкінің заң департаментінде сынақ мерзімінен өтуші, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлім кеңесшісі, «Алматыфарм» корпорациясының президенті, «Caspian Indutries Ltd» ЖШС-нің бас директоры, «Элитстрой» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарды. 2018 жылы «Анаға апарар жол» фильмінің продюсері ретінде Қазақстан Республикасының өнер және мәдениет саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61