Bugin

Алматы әкімдігі қоғам белсенділерінің өтінішін қабылдамады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімдігі азаматтық белсенділерге қалалық әкімдік ғимаратының жанында «Қаңтар оқиғасы» құрбандарын еске алуға арналған қаралы жиын өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы Марат Тұрымбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Қаңтар оқиғасы мен құрбан болғандар олар үшін маңызды емес екен, халықпен диалог болмайтын сияқты! Осылайша, Алматының жаңадан тағайындалған әкімі Досаев халыққа деген көзқарасын танытып, демократияландыру мен халықпен қарым-қатынаста ешқандай өзгеріс болмайтынын аңғартты. Сонда Қ. Ж. Тоқаев айтқан халық үніне құлақ түру мен қоғаммен диалог қайда? Қаңтардағы қайғылы оқиға болған күннен бастап 40 күн бойы қаза болғандарды еске алу шарасынан бас тартып, билік халыққа қарамай, қуғын-сүргінді одан әрі күшейтетінін ашық айтып отыр. Ал халықтың өз құқығы үшін күресу жолындағы құрбандары, митингілері, талпыныстары бекер болды! Бірақ қалай болғанда да, Қаңтар оқиғасында қаза болғандарды еске алу 2022 жылдың 13 ақпанында сағат 12.00 Республика алаңында өтеді!» - деп жазды Марат Тұрымбетов.