Bugin

Тоқаевты «Nur Otan» партиясының төрағасы болуға мәжбүрлегені рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Саясаткер Данияр Әшімбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Otan» партиясының төрағасы болуы мәжбүрлі шара екенін айтты. Бұл туралы ол time.kz сайтына берген сұхбаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

– Тоқаевтың партияны басқарғаны – мәжбүрлі шара, өйткені біздің заң жүйесі бойынша қазір көп нәрсе билеуші ​​партияның қолында. Ал оны басқалардан гөрі Президент басқарғаны абзал. Партияны қай бағытта да реформалауға болатыны анық. Оны билікке нақты тепе-теңдік орнату үшін пайдалануға болады, шенеуніктерді орнынан алып, оған центристік көзқарастарды ұстанатын адамдарды топтастыруға болады. Бұл партия президент саясатының тірегі болады.

Мәселе мынада: «Нұр Отан» кейбір радикалдар қалағандай қазір таратылса, біздің бүкіл өкілді басқару жүйесі жай ғана ыдырап кетеді. Радикалдар мен популистер оның салдарын ойламайды. Өйткені, сайлау заңнамасын өзгертпей, жаңа парламенттік сайлау өткізілсе, оған бұрынғыдай партиялар қатысады. Бірақ бәрі жаңа партияның жеңіске жеткенін қалайды. Ол қайда? Оны ешкім құрған жоқ. Елде азаматтық қозғалыс, саналы оппозиция болған жоқ - деді саясаткер.