Bugin
2 ақпанда Дубай ЭКСПО 2020 Дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында ұсынылған «Әлем суреті» арт-жобасы Гиннес рекордтар кітабының сертификатымен марапатталды. Қазақстан павильонының сахнасында сертификатты салтанатты табыстау рәсімі өтті. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
«Әлем суреті» арт-жобасы кенеп – Жер планетасының прототипі, оған қылқалам мен бояудың көмегімен әлемнің түкпір-түкпірінен павильонға келушілер өз штрихтарын қалдырды. Кенептің өлшемі ұзындығы мен ені бойынша біздің планетамыздың физикалық параметрлеріне сәйкес келеді.
Картинаның негізгі идеясы EXPO 2020 Дубайдағы «Ақылдарды біріктіру, болашақты құру» тақырыбына сәйкес келеді. Арт-жобаның мақсаты – планетамызда тұратын адамдарды Ұлттық павильон аумағында орналасқан бір өнер туындысына біріктіру. Кескіндеме бейбітшілік, бірлік, келісім және достық сияқты құндылықтарды бейнелейді. Жобаны қазақстандық DPARTNERS компаниясы ұйымдастырды.
Бүгінгі таңда павильонға әлемнің 193 елінен келген 1900-ден астам келушілер мен қонақтар суретте өз «таңбаларын» қалдырды. Олардың қатарында Голливуд актрисасы Бай Линг, америкалық кәсіпқой боксшы Рой Джонс, қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетов, ресейлік әнші Валерия, қазақстандық кәсіпқой велошабандоз Александр Винокуров сынды әлемдік жұлдыздар және т.б.
Арт-жобаға қылқаламмен сурет салып, оны тізбек бойымен өткізген ең көп адам үшін Гиннес рекордтар кітабының сертификаты берілді.