Bugin

«Шахматшылар жетім балалар сияқты» - шахматшы Тоқаевқа өтінішін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

31 қаңтарда шахматшы Бибісара Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесуде ол Президенттен шахматшыларды Олимпиадаға алып баруды өтінді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

17 жастағы Асаубаева жақында шахматтан әлем чемпионатында блиц санатында жеңіске жетіп, рапид санатында күміс медальмен оралған еді. Тоқаев шахматшыны марапатымен арнайы құттықтады.

Тоқаев шахматшыдан қандай марапат алғысы келетінін сұрағанында Асаубаева өз арманы туралы айтып берді.

- «Біздің спортшыларды әрқашан жазғы және қысқы Олимпиада ойындарына сәттілік тілеп, шығарып салады. Шахматшыларды шахмат олимпиадасына ешкім шығарып салған емес, шахматшылар қашан да жетім балалардай. Біз де елдің батасын алып кеткіміз келеді. Ал мен Президенттен осы дәстүрді өзгертуді, сол арқылы біздің әйелдер мен ерлер арасындағы шахмат командаларына жаңа серпін беруді өтінемін», - деді Бибісара Асаубаева.