Қарметкомбинат директоры қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарметкомбинат директоры Махмұт Ақбиев қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Ол 1980-1987 жылдар аралығында Қазақстан Магниткасын басқарды.

Махмұт Ақбиев 1930 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа (Атасу) кентінде дүниеге келген. Инженер-металлург, техника ғылымының докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы.

1952 жылы Мәскеу болат және қорытпа институтын бітірген. 1958 жылы Қазақ металлургия зауытында мастер, мартен цехы бастығының орынбасары, партком хатшысы, кейін Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық комитетінің 2-хатшысы, 1964 жылы конвертер цехының бастығы, бас болат балқытушы, техника және өндіріс бөлімдерінің бастығы, бас инженері және комбинат директоры (1980–87) қызметтерін атқарған. Ақбиев Қазақстан Магниткасын техника қайта құру мен өндірісті жаңартуға үлес қосты. Қазақ КСР-і (1980) және КСРО (1984) Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазан революциясы орденімен марапатталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61