Bugin

Сенаттың жаңа депутаты ант берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Парламент сенатына депутат болып тағайындалған Бейбіт Исабаев ант берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді сенатор Бейбіт Исабаев.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Исабаевтың білікті және тәжірибелі мемлекет қайраткері екенін атап өтті. Ол сенаторды құттықтап, депутаттық қызметіне табыс тіледі.

Еске салсақ, 13 қаңтарда президент жарлығымен Бейбіт Исабаев сенат депутаты болып тағайындалды.