Bugin
«Жасыл Даму» АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты. Бұл туралы Bugin.kz порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылуда.
2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау «Жасыл даму» АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі. «ӨКМ Операторы» ЖШС функциялары «Жасыл Даму» АҚ-ына өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілді.