Bugin

Назарбаева теміржол билеттері бойынша комиссия бағасын көтеруден бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылдың 1 ақпанынан бастап Әлия Назарбаеваға тиесілі «Инстант Пейментс» ЖШС агрегаторлық компаниялардағы электронды теміржол билеттері үшін комиссияны көтеруден бас тартты, деп хабарлайды bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Электронды теміржол билеттерін сатумен айналысатын агрегаторларға Instant Payments-тен ресми хат келіп, онда компания комиссияны 67 теңгеге дейін көтермеу туралы шешім қабылдағанын айтты. Ол өзгеріссіз қалды – 44,8 теңге.

Агрегаторлар үшін комиссияның өсуі жолаушыларға әсер етуі мүмкін, өйткені пойыз билеттерінің құны көтеріледі.