Bugin

«Қылмыстық іс қозғалды»: Назарбаев ескерткішін құлатқан жігітті азаптағандар жазаланбақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Назарбаев ескерткішін құлатқан жігітті азаптағандарға қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Minber.kz сайтының мәліметінше, Азамат Батырбаевтың митингіге қатысқаннан кейін аяусыз азапталғаны жайында ақпарат әуелі әлеуметтік желіде тарады. Сосын ақпарат құралдары назар аудара бастады. Бірнеше дереккөздің хабарлауынша, Азамат 5 қаңтарда Талдықорғанда өткен наразылық акциясына шығып, митингінің өзге қатысушыларымен бірге қаланың басты көшелерінің бірінен Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін қиратуға қатысқан.

Желіде тараған ақпараттарда ер адамды құқыққорғаушылардың аяусыз соққыға жығып, азаптағаны, тіпті денесіне қыздырылған үтік басқаны көрінеді.

Айта кетейік,  сәрсенбі күні Бас прокуратура Батырбаевты азаптау фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат тарап жатыр. Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз. Ал 23 қаңтарда жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан. А.Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.