Bugin

Жарық сөнген күн. АЭС-ке қатысы бар ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов біреуді кінәлауға әлі ерте екенін, қазіргі уақытта Энергетика вице-министрі басқарып отырған арнайы комиссия барлық себептерді жан-жақты зерттейтінін айтып өтті, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Оқиға түскі сағат 11:50 шамасында болды. Қазақстанда барлығы автоматтандыру жүйесіне сәйкес жұмыс істеді. Бұл Солтүстік-Оңтүстік транзитінің бөлінуіне және Оңтүстіктегі бірқатар станциялардың оқшауланған жұмысына көшуіне себеп болды. Негізінде автоматтандырылған жүйенің жұмыс істегені жақсы. Айта кетейік, бұл, ең алдымен, оңтүстіктегі көршілерімізден, жиіліктің стандартты болмауынан, 50-ден 47 герцке дейін төмендеуіне байланысты орын алған жағдай», - деді министр.

Оның айтуынша, автоматтандырудың негізгі міндеті - бүкіл жүйеге зақым келтірмеу. Осы орайда Қазақстанның бұл салада өте жылдам екені көрінді, олар 4 сағаттың ішінде бүкіл жүйені толығымен қалпына келтіре алды.

«Сондай-ақ біз Қырғызстанмен 4 сағаттың ішінде параллельді жұмысқа кірістік. Алайда Өзбекстаннан келген әріптестер ұзақ уақыт бойы жүйені қалпына келтіре алмады», - деді Ақшолақов.

Апаттың не себепті болғандығын егжей-тегжейлі айта алмаймыз. Біз тек өзіміз туралы айта аламыз, біздің жүйе өзінің өміршеңдігін көрсетті, әсересе, автоматтандыру жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істеді.

Ресей тарапы бұл оқиғаның Қазақстанда атом электр станциясын салуға дайындығына әсер етпейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл оқиғалардың арасында ешқандай байланыс жоқ. Біле білсеңіздер станция құрылысы өте нәзік мәселе. Сол себепті бұл тақырып төңірегінде әзірге ешқандай шешім қабылданбады. Өйткені станция құрылысы мұқият зерттеуді қажет етеді.