Bugin
Ауған жерінен бірде-бір халыққа қауіп төніп тұрған жоқ, делінген Талибан үндеуінде, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Қаңтар айында бірқатар БАҚ ресейлік шенеуніктердің кейбір ауғандықтар елдегі шерулерге қатысып, тәртіпсіздіктер ұйымдастырып жатыр деген пікірлеріне сілтеме жасады.
Сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде исламшыл фундаменталистер тобы бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, оларды «өтірік» деп атады. Бұл туралы Ariana News басылымы жазды.
Талибан да бұл мәлімдемелерді растайтын фактілердің жоқтығын мәлімдеді.