Bugin

Шенеуніктердің шетелден көлік пен жиһаз сатып алуына тыйым салынды

Мұндай қаулы отандық өнеркәсіпті дамыту мақсатында қабылданған. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет "Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдады.

Құжатта мемлекеттік мекемелердің шетелден көлік пен жиһаз сатып алуына 2 жылға тыйым салынған. Мұндай қаулы отандық өнеркәсіпті дамыту мақсатында қабылданған.

ҚР Үкіметінің ресми сайты хабарлағандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарын көрсете отырып, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін ұсынды.

Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау тауарларының тізбесіне лифтілер, траволаторлар, экскалаторлар және жылжымалы жаяу жүргінші жолдары, автоматтандырылған газ тарату станциялары, блоктық газ реттеуші, газ өлшеу қондырғыларының (станциялары) пункттері, жиынтық тарату құрылғылары және орта және төмен кернеулі қосалқы станциялар, ашық тарату құрылғылары, интеграциясы, цифрлық релелік қорғанысы және цифрлық басқаруы бар жиынтық трансформаторлық қосалқы станциялар, РҚА цифрлық құрылғылары, жоғары вольтты ажыратқыштар мен айырғыштар, комбайндар, тракторлар, ершікті тартқыштар, автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, арнайы техника, газ, сұйықтық және электр энергиясын беру есептегіш құралдары кіреді.