Bugin

Қажыгелдин: "Самұрық-Қазына" қоры – Назарбаевқа тиесілі қалта

Ол үшін қорға толық аудиториялық тексеріс жүргізу керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры елді дамыту үшін емес, елді тонау үшін құрылған қылмыстық қор. Назарбаев билігі "бұл елдің экономикалық дамуына қызмет етеді" деп халықты сендірді. Бірақ мұның бәрі – жалған.

Бұл жайлы ҚР-ның бұрынғы премьер-министрі, шетелдік оппозиционер Әкежан Қажыгелдин айтты.

"Самұрық-Қазына" дегеніміз – елді "заңды" түрде тонаудың жолы ғана. Қ.Тоқаев бұл қорды елдің болашағы деп таныса, зор қателескені. Бірақ бұрын қалай Самұрықты сынаған сынды, қазір де сол жолынан таймаса, онда дұрыс тәсіл таңдағаны. Ол үшін қорға толық аудиториялық тексеріс жүргізу керек", - дейді Ә.Қажыгелдин.

Сондай-ақ, экс-премьер-министр "ҚР Тұңғыш Президенті қоры", "Назарбаев қоры", "Нұрсұлтан Назарбаев қоры", "Демеу қоры", "Елбасы қоры" сынды құрылымдардың бәрі – мемлекеттік бюджетті шетелге шығару үшін құрылған мекемелер екенін айтады.

"ҚР Тұңғыш Президенті қоры" әу баста біздің кезімізде (2000 жылдары – ред.) құрылған "Қазақстанды дамыту қорының" негізінде іргесі қаланған. Бұл қорға сонау 90-жылдардан бастап қаржы аударылған. Мұнай компанияларымен жасаған келісімнен түскен қаржы, бонус пен актив осы қорға аударылып отырды. Кейін бұл қор "ҚР Тұңғыш Президент қоры" болып қайта құрылды", - дейді ол.