Bugin
Абыройы ақталмады
Қазақстандағы қаңтар оқиғасында бейбітшілік күштері ретінде Ресейдің әскер жібергені белгілі. Ресей үкіметі мұны Батыс елдерінің алдында абырой мен бедел жинау үшін істеді деген жорамал болғаны рас.
Алайда Еуропа елдері Ресейдің бұл әрекетін жақсы бағалай қоймады. Бұған дәлел – "Россия сегодня" медиатобының зерттеуі.
Зерттеу тобы 2022 жылы 4-19 қаңтар күндері АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция басылымдарында (сайт, телеарна, радио, газет) қаңтар оқиғасы мен ОДКБ әскерінің енгізілуі туралы жазылған, айтылған жаңалықтар мен бағдарламаларды сүзгіден өткізіп, жағымды және жағымсыз материалдардың үлес салмағын таразылаған.
Сонда бұл тақырыпта жарық көрген материалдардың 41 пайызы жағымсыз мазмұнда берілген де, 57 пайызы – бейтарап мағынада. Ал қалған 3 пайызы ғана жағымды мағынада берген.
Батыс БАҚ-тары Ресейдің Қазақстанға әскер кіргізуін бұрынғы кеңестік кеңістікті қалпына келтіруге тырысқаны деп баға берген.