Bugin
Сондай-ақ, қаңтар оқиғасының анық-қанығын тексеруге бағытталған жұмыстарына қолдау көрсетеді
АҚШ-тың Джозеф Байден бастаған президент әкімшілігі Қазақстанда қолға алынған реформаларды жүзеге асыруға көмектеспек. Мұны ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
"ҚР-ның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісі Дональд Лу мен демократия, адам құқығы және еңбек жөніндегі көмекшісінің орынбасары Кара Макдональдпен кездесті. Америка елшілерінің Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына көзқарасы оң. Сондай-ақ, қаңтар оқиғасының анық-қанығын тексеруге бағытталған жұмыстарына қолдау көрсетеді", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Сөз барысында мемлекеттік хатшының көмекшісі Д.Лу өз кезегінде Дж.Байден бастаған президент әкімшілігінің Қазақстандағы реформаларға қолғабыс етуге дайын екенін тілге тиек еткен.