Bugin

Қазақстан электр энергиясын Ресейден сатып алуға мәжбүр

Біздікінен қымбат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан жетпеген электр энергиясын Ресейден сатып алуға мәжбүр. Мұны ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

"Біздің елде электр энергиясының аздаған қоры бар-тұғын. Оны қосымша энергия өндіру үшін генерация көздерін табуға жұмсаймыз деп ойлағанбыз. Алайда қордың аяқ астынан таусылып қалатынын, әсіресе, майнинг орталықтардың  бұлай тұтынатынын білмедік. Соның себебінен бізде қазір энергодефицит", - деді ол Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстан қаңтар айынан көрші Ресейден 70 млн кВт/с электр энергиясын сатып алған.

"Бізден біршама қымбаттау. 1 кВт-қа 25 теңгеден", - дейді ол.

Министрдің айтуынша, қазір жасырын майнинг орталықтарды табу, оны жабу бойынша шаралар қолданылып жатыр.