Bugin

Қаңтардағы қақтығыста қамауға алынған қанша адамның бостандыққа шыққаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыдағы СИ-18 тергеу изоляторынан қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін қамалған тағы 8 адам босап шықты, деп хабарлайды деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Бостандыққа шыққандардың «Аманат» қоғамдық комиссиясының мүшесі Уайс Ерсайынұлы желідегі парақшасында жариялаған.

«Бүгін Алматыдағы «СИ-18» тергеу изоляторынан тағы 8 адам босатылды.

Олар:

1. Керімбек Ғ.

2. Ерзат Ө.

3. Рысбаев С.

4. Танкиш Е.

5. Жақсылық Ш.

6. Ахметов А.

7. Қарсыбаев Ж.

8. Тасжүреков Б.

Осымен қазірге дейін барлығы 50 адам біздің «Аманат» комиссиясының араласуымен бостандыққа жіберілді. Тағы бір адам — Тимур Ким кешке дейін босатылатын болды», – делінген жазбада.

Уайс Ерсайынұлының айтуынша, тағы 6 адамның құжаттарын шығаруға дайындап жатыр.