Bugin

АҚШ халықаралық ұйымдардың тәліптерге салық төлеуіне рұқсат берді

Ауған халқы аш отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың Қаржы министрлігі гуманитарлық көмек көрсетуші ұйымдардың тәліптерге салық төлеуіне қарсы емес екенін мәлімдеді. Көмек қолын созған ұйымдарға санкция салынбайтын болды.

АҚШ үкіметі былтыр тамызда, тәліптер ауған билігін күшпен тартып алғаннан кейін Ауғанстанның бүкіл мемлекеттік активтерін бұғаттап тастаған еді. Ауғанстанның АҚШ-тағы активтерінің жалпы құны –  $9,4 млрд.-қа тең.

АҚШ билігі тоқтап қалмады. Бір айдан кейін халықаралық ұйымдарға да Ауғанстанда жұмыс істеуге тыйым салды. Сондықан халықаралық банктер санкцияға ұрынбас үшін бұл елге ақша аударудан бас тартқан.

БҰҰ-ның мәліметтеріне сенсек, Ауғанстан халқының жартысына (барлығы 38 млн халық тұрады) азық-түлек жетпей, аш отырған көрінеді. Сондықтан ел халықаралық ұйымдардың көмегіне зәру.