Bugin

Бейжің-2022: Қазақстан құрамасының киім үлгісі үздік атанды

Үздік жетілік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан құрамасының Бейжің Олимпиадасына киіп барған формасы үздік деп танылды. Нақтырақ айтсақ, 7-ТОП-қа енді. Тізімді шығарған – атақты Forbes журналы.

Сонымен ең стильді 7 елдің құрамасы мыналар: АҚШ, Канада, Швеция, Германия, Ресей, Қытай және Қазақстан.

АҚШ құрамасының киім үлгісін Ralph Lauren компаниясы тіккен. Киім пластик бөтелкені өңдеп шығарған полиэстер материалынан тігілген. Ішінде жібекпен тыстаған.

Канада спортшылары ақ пен қызыл матадан тігілген монохромды униформа киіпті.

Ресей спортшыларына дизайнерлер тундраның қысына ұқсас кескінмен сәндеп, сұр түсті киімдер тіккен.

Ал Швецияның киім формасы өте қарапайым.

Германия байрақтағы түске ұқсатып киіп тіккен екен.

Қытай спортшыларының киімінде Чжун иероглифі салынған. Бұл символ толеранттылықты білдіреді.

Ал Қазақстанның киім формасы ақ-көк түсті. Күрткі мен жемпірге ұлттық ою-өрнек салынған. Ең ерекшелігі сол – қазақстан алғаш рет киім формасына латын графикасымен ел атын жазғаны – Qazaqstan.