Bugin
Газ саласына жауапты басшы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМаңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды. Мұны "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.
Сот лауазымды тұлғаны екі айға тұтқындауға шешім шығарған.
Ниязов газ саласына жауапты басшы болған. Оған қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.
Қаңтардағы газ бағасының өсуіне байланысты елде ірі дүмпу болып, энергетика министрінің орынбасары, Маңғыстау облысындағы тағы бір бірнеше басшысы қызметінен қуылған еді.