Bugin
Құқық қорғаушы, қоғам белсендісі Бахытжан Торегожина Facebook желісіндегі парақшасында «Қанды қаңтарда» қаза тапқандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
«Жүз жетпіс үш
Достар! Ертең, 2022 жылдың 5-6 қаңтарында болған қайғылы оқиғаға тура 1 ай...
Біз https://taplink.cc/qantar_2022 сайтында qantar_2022 оқиғасында қаза тапқандардың тізімін жинауды жалғастырамыз. Ресми мәлімет бойынша 227 адам. Тізімде қателер кеткен болса кешірім сұраймыз. Ол қателерді түсініктемелерде түзетуіңізге болады немесе маған жекеме хат жазыңыз. Деректерді жинау қиындық туғызып жатыр, қайтыс болғандар туралы білетіндеріңіз болса, бізге хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Қаза тапқан адамдардың тізімін осы сілтеме арқылы көре аласыз.