Bugin

Жамбылдағы тәртіпсіздік кезінде полицейлердің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбылдық полиция қызметкерлері полицияның қызметтік көліктерін өртеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды bugin.kz порталы Жамбыл облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қаңтарға қараған түні Таразда Қазыбек би және Әйтиев көшелерінің қиылысында, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі ғимараты маңында 11 полиция қызметкерінің автокөлігі бүлінген, оның 7-і өртенген.

«Полиция күдіктілердің бірі - Жуалы ауданының бұрын сотталған 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол автокөліктерді бүлдіруге қатысып, бірнешеуін өзі өртеп жіберді. Сондай-ақ, ағаш таяқпен «Атшабар» ТК-дегі банк терезін сындырды», - деді полиция қызметкері.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.