Bugin

Бейжің-2022: Ту ұстаушы Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова тарихи образда шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

XXIV қысқы Ақ Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан командасының ту ұстаушылары, конькиші Екатерина Айдова мен шорт-трекші Абзал Әжіғалиев тарихи образбен бой көрсетеді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, олар сақ патшайымы Томирис пен қазақ батырының кейпінде ел алдына шығады.

Команданың ту ұстаушылары киетін киімlе негізінен қазақтың ұлттық ою-өрнегі «қошқар мүйіз» бейнеленген.

Айта кетелік, өрнек элементтерін дизайнерлер Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайымен бірлесіп дайындады. Токио-2020 Олимпиадасында да осындай қадам жасалған болатын.

Ал Жапониядағы жазғы ойындарға ту ұстаушылардың киімін тіккен дизайнер-модельер Виолетта Иванова Бейжің Олимпиадасы ту ұстаушыларының формасын да дайындады.