Bugin

Билікті сынағандарға сыйақы беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанның Самарқан қаласында сыни ақпарат таратқан журналистер мен блогерлер биліктен сыйақы алады, деп хабарлайды bugin.kz порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті хәкім Эркінжон Турдимов хабарлады. Ол қоғамдағы кез келген өзекті мәселеге халықтың бей-жай қарамайтынына сенімді. Сондықтан оларды атқарушы билікке батыл сын айтуға шақырып отыр.

Мәселен, сауда орнында сапасыз ет сатылса, онда сол жердің санипед қадағалау мекемесінің басшысы жұмыстан кетеді. «Ал саудагер халықтың алдында ар-ұятынан айырылады», - дейді ол. Хәкімнің айтуынша, сыйақы 15 ақпаннан бастап беріле бастайды және қаражат жауапқа тартылатын шенеуніктің төлеген айыппұлы есебінен төленеді.