Қоғам
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Мұрат Қабденов тағайындалды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Мұрат Талапұлы 1969 жылы 24 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген.
Шымкент педагогикалық институты мен Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің түлегі.
Еңбек жолы:
- Шымкент қаласы ішкі істер басқармасы ҚІБ жедел уәкілі (1992-1993);
- Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының аға жедел уәкілі, бөлімше бастығы, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, бөлім бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы МТКБ бастығының орынбасары (1993-1997);
- Оңтүстік Қазақстан облысы БІІБ ұйымдастырушылық-әдістемелік және КПҚ шетелдіктермен жұмыс жөніндегі басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығы (1997-1999);
- Сарыағаш ауданы ішкі істер басқармасы полиция бөлімінің бастығы (1999-2001);
- Шымкент қаласы 1-полиция бөлімінің бастығы (2001-2003);
- Ақмола облысы БІІБ бастығының орынбасары (2003-2005);
- Батыс Қазақстан облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары (2005-2007);
- Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы (2007-2009);
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (2009-2011);
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы комитеті төрағасының орынбасары (2011-2012);
- Павлодар облысы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы (2012-2014);
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кеңесшісі (2014-2017);
- 2017 жылғы 6 наурыздан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитетінің төрағасы болып қызмет еткен.