Әлем
Кеше Бейжіңде Ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен қатар Аргентина, Мысыр, Қырғызстан, Польша, Ресей, Сингапур, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Эквадор президенттері қатысты.
ORDA.kz мәліметінше, ашылу салтанатында Ресей президенті Путин бір секторда жалғыз өзі отырды.
Қатысушы елдер құрамаларының таныстырылымы кезінде бірнеше орынға өзі жайғасқан Кремль басшысы Украина командасы шыққанда ұйықтап отырған кейіп танытты. Осы кезде оншақты камераның бірі қалғып отырған Путинге бұрылды.