Қоғам
Алматыда жаңадан сайланған қала әкімі Ерболат Досаевқа қарсы митинг өтіп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Шохан Уәлиханов алаңында өтіп жатқан шеруге 200 шақты адам жиналған. Олардың қолдарында «Досаев, кет», «Досаев менің әкімім емес», «Менің қалам, менің әкім, менің таңдауым» және т.б ұрансөздер жазылған қағаздар бар.
Митингке қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандардың бірнеше туыстары да келді. Олар жақындарын босатуды талап етіп, азапталып жатқанын алға тартады.
Бастапқыда митинг Республика алаңында өтеді деп жоспарланғанымен, соңында Ғылым академиясына көшірілді. Халық жиналған Шевченко көшесі жабылып, жиналғандарды полиция бақылап тұр.