Қоғам

Жол мәселесі: Ауыл әкіміне айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Успен ауылдық округінің әкімі жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны  үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 4-7 ақпан аралығында Успен ауданының полиция бөлімінің полицейлері «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген. 

«Полицейлер жол жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен оларды өткізбеген жүргізушілерді ғана емес, жаяу жүргіншілер өткелінің жағдайын  да  назарға алады.  Мысалы,  4 ақпан күні Успенка ауылында тексеру кезінде орталық көшедегі «жолақ» қар мен мұздан тазартылмағаны анықталды. Сондықтан аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабын бұзғаны үшін (жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамау)  Успен ауылдық округінің әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сәйкесінше оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ лауазымды тұлғаға кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілді», - дейді   Успен ауданының әкімшілік полиция бастығы Александр Семенченко.  

Полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына жаяу жүргіншілер өткелінде қырағы болуды ескертеді.