Bugin
Қазақстан Ресеймен цифрлық трансформация саласында меморандумға қол қоюға ниетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Меморандум жобасына сәйкес тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі нысандары мыналарды қамтиды:
- ақпарат, тәжірибе алмасу және консультациялық қызметтер көрсету;
- меморандумды іске асыру үшін Тараптар қажет деп санайтын бірлескен іс-шаралар (конференциялар, форумдар, семинарлар, жұмыс топтарының отырыстары және басқалар) өткізу;
- Тараптардың екі мемлекетінің мүдделі ұйымдары мен компаниялары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
Тараптардың уағдаластығы бойынша ынтымақтастықтың басқа да нысандары.
- «Бірлескен қызметтің нақты мазмұны, Тараптардың міндеттемелері, оларды орындау мерзімдері, ынтымақтастықтың көлемі мен шарттары және басқа да ұйымдастырушылық және коммерциялық аспектілер тиісті халықаралық шарттарда анықталуы мүмкін», - делінген құжатта.