Bugin
Үшінші басшы кетті
Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші басшысы Дәулет Ерғожин ұсталды. Басшының сот шешімімен ұсталғанын ҚазТаг хабарлады.
"Сот шығарған үкім – қамаққа алу", - деп түсініктеме берген ҰҚК.
Ерғожин Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары 2016 жылы қарашада тағайындалған. Кейін қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен ұсталып, оның орынбасарлары – Ануар Садықов пен Дәулет Ерғожин қызметінен босаған еді. Кейін екеуі де ұсталды. Садықовқа ұстау туралы шешімді сот шығарды. Енді міне Ерғожинді де ұстауға сот шешім шығарып отыр.
Мәсімовке билікті күшпен басып алмақшы болды, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға тырысты деген де айып тағылып отыр.