Bugin

Ақтау жұмысшылары тағы наразылыққа шықты

Басшылық жалақы көтергісі келмейді 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысындағы "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жұмысшылары басшыларынан еңбекақыны екі көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты. Ал кәсіпорын басшылығы болса, еңбекақыны 30 пайызға да көтергісі келмейді.

Өнеркәсіп жұмысшылары бұған дейін де басшылықтан еңбекақыны көтеруді талап етіп, наразлыққа шыққан еді. Алайда басшылық мәселені қарау үшін арнайы комиссия құрғанымен, бұл комиссия жұмысшылардың еңбекақысын көтеруді қолдамаған.

Кәсіпорынның бас директоры Талғат Есентүгеловтің жұмысшыларға берген жауап-хатында комиссия құрамында 14 адамның енгенін (оның ішінде кәсіподақ пен жұмысшылар мүддесін қорғайтын азаматтар және жұмыс берушілер), бірақ талқылау кезінде еңбекақыны көтеруге бәрі келіспегенін алға тартқан.

"Бірақ соған қарамастан, 2022 жылы 1 наурыздан бастап басшылық тарапынан еңбекақы көтеріліп, денсаулыққа сауықтыруға бір реттік жалақы және төрт рет сыйақы беріледі (8 наурыз, Наурыз, Тәуелсіздік күні, Энергетиктер күні). Өкінішке қарай, кәсіпорынның қазіргі қаржылық-экономикалық жағдайы еңбекақыны көп көтеруге жетпейді. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық маңызы барын ұмытпай, еңбек заңнамасына сәйкес, жұмысқа кірісулеріңізді сұраймын", - делінген ресми жауапта.

Алайда жұмысшылар басшылықтың бұл жауабына қанағаттанбаған. 7 ақпан күні тағы наразылыққа шықты. Қазір кәсіпорын алдында киіз үй тігіп, наразылық акциясын күндіз-түні жалғастыруға бел буып отыр.