Bugin
Есеп беріледі
Ертең, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
"Ертең, 8 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады", - деп жазды Б.Уәли.