Bugin

Бүгін Путин мен Макрон кездеседі

Кездесуден күтер үміт көп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 7 ақпан күні кешке РФ президенті В.Путин пен Франция президенті Э.Макрон кездеседі. Бұл жайлы Новости РАА хабарлады.

Кездесу Астана сағатымен, шамамен, 20.00-де өтпек. Кейін баспасөз конференциясы болады.

Екі елдің президенті Еуропа мен Ресейдің қарым-қатынасын, Украина дағдарысын реттеу бойынша талқылау өткізеді.

РФ президентінің баспасөз хатшысы Д.Песковтың айтуынша, Кремль билігінің бұл кездесуден күтері мол. Өйткені Франция ЕуроОдаққа мүше мемлекет, екі елдің кездесуі Еуропа мемлекеттері мен Ресейдің арасында қырғи-қабақ көңіл-күйді түсіреді деген сенімде.

"Макронның Ресей мен Еуропа арасындағы шиеліністі шешудің жолдарын ұсынуға келе жатқаны белгілі", - деді Песков түсініктемесінде.

Айта кеткен жөн, Ресей ақпанның басында біртіндеп әскерінің басым бөлігін Украинамен шекараға орналастырып, Брюссель мен Вашингтонға "мінез көрсетті". Бұл Еуропа мен Ресейдің қарым-қатынасын одан әрі шиеленістіріп жібергені анық.