Bugin

Қанды қаңтар: үкіметтің кімдерге қаражат беретіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматының 260 кәсіпкеріне келтірілген шығын өтеледі, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі облыстық комиссия тағы 39 өтінішті мақұлдады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

Енді барлығы 260 алматылық кәсіпкер келтірілген шығын үшін өтемақы алатын болды.

260 өтініштің жалпы сомасы 456,1 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде 108 өтінімге – 157,1 млн. теңге бюджеттен, ал 152 өтінімге – 299 млн. теңге қордан бөлінеді. Ең алдымен, 5 миллион теңгеге дейінгі төлемдері бар шағын бизнес субъектілерінің өтініштері жедел қаралады.