Bugin

Ерлан Қарин: Митингіге шыққандарға Сириядан үндеу жасап, соғысқа шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин қаңтарда өткен митинг туралы ойын айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Сирияға қашып кеткен азамат 5, 6 қаңтарда елдегі радикалды ой жақтаушыларына видеоүндеу жасады. Алдағы уақытта ол видео жарияланатын шығар. Интернеттің бұғатталуының себебі - сол. Себебі үндеуінде ол бәрін қарулы күреске, соғысқа шақырады. Бұл өте қауіпті жағдай болды. Егер қолдау тауып кетсе, жағдай қандай сценарийде өрбитінін айту қиын еді», - деді Ерлан Қарин Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұқбатында.

Ерлан Қариннің сөзінше, үндеу жасаған жігіт 2011-2012 жылдары еліміздегі лаңкестік әрекеттерге қатысы бар ұйымның өкілі болып шықты.

«Бұл ұйым 2011 жылы Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында құрылған. Кейін шетелдік арнаулы қызметтердің әрекеттерінің нәтижесінде талқандалған еді. Ең бірінші акциясы Қазақстанда жасалды. Осы топқа қатысы бар адам 2012 жылы Еуропада да террористік акция ұйымдастырды. Жалпы, топтың басшылығында 5 адам болса, оның екеуі еуропалық, үшеуі қазақстандық азамат еді. Бір азамат 2014 жылы Пәкістанда ұсталып, елге жеткізіліп 20 жылға сотталды. Екіншісі, 2017 жылы Ауғанстанда қолға түсіп, 2018 жылы елге қайтарылды. Мен екеуімен де колонияда кездесіп, сұхбат жүргізгенмін. Үшіншісі сытылып, Сирияға қашып кеткен. Ал еуропалық екі азаматтың бірін американдық барлау қызметтері 2012 жылы Ауғанстанда , екіншісін 2014 жылы Сирияда дронмен атып өлтірді. Қаңтарда видеоүндеуді Сирияға қашқан қазақстандық азамат жасады», - деді ол.