Bugin
Мәскеудің Измайловский соты Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Дагестаннан келген бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұлының ісін қарайтын болды, деп хабарлайды bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Меджидов Мұртазали Мұхтарұлының ісі бойынша алдын ала тыңдау 9 ақпанға белгіленді», - деп хабарлады агенттік өкілдері.
Бастапқыда істі Мәскеудің Никулинский соты қарауы керек еді. Алайда Бас прокуратура материалдарды басқа сотқа жіберуді сұрағанын айтты. Нәтижесінде Мәскеу қалалық соты Измайловскийді таңдаған.