Bugin

Маңғыстау әкімі Ноғаев қаладағы митингіге қатысты үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жұмысшылары ұйымдастырып жатқан митингіге қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Құрметті маңғыстаулықтар!

Маңғыстау - тарихи өнеркәсіптік өңір. Аймақтағы өндірістік компаниялардың қызметі облыстың дамуында аса маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда өңірде бірнеше кәсіпорын өкілдері жұмыс берушілердің алдына түрлі сипаттағы мәселелерді қойып отыр. Оның ішінде еңбекақының өсуіне қатысты сұрақтар да бар. Талап қоюшылардың арасында облыс тұрғындарын ауызсумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін МАЭК мекемесінің өкілдері де бар. Қазір жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында еңбек арбитражы басталды. Оған қала әкімі, энергетика министрлігінің өкілдері, еңбек қатынастары жөніндегі мамандар, қызметкерлер, жұмыс беруші және қоғам өкілдері қатысады. Комиссияның міндеті – кәсіпорынға өзінің негізгі қызметіне оралуына мүмкіндік беретін оңтайлы шешімді табу.

Құрметті маңғыстаулықтар!

Халық пен елдің игілігі үшін баршаңызды сабыр сақтап, түсіністік танытуға шақырамын! Барлық қиындықтың уақытша екендігі маған да, сіздерге де аян! Біз біргеміз, ардақты ағайын!» - деді облыс әкімі.