Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкенттегі ИЧ-167/2 колониясында кәмелетке толмаған баланы зорлады деп қамалған сотталушы қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Белгілі болғандай, бұған дейін сотталушы құлап, ауыр жарақат алған.
- «Ол ауруханаға жеткізіліп, шұғыл түрде ота жасалды. Бірақ дәрігерлер тұтқынды аман алып қала алмады. Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Қадағалау органында басқа ешқандай мәлімет айтылмады» - делінген хабарламада.
Тергеудің объективтілігі үшін бұл іске жергілікті адам құқығын қорғау ұйымдары да қосылғаны атап өтілді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде (ҚАЖД) да тексеру тағайындалды. Колонияның өзінде оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді, тек баспасөз хабарламасы жарияланды.
- «Аталған факті бойынша түзеу мекемесіне тергеу-жедел тобы, прокуратура қызметкерлері келді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта бұл оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда» - деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаментінен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61