БҚО әкімі тұрғындардан 100 миллион теңгені қалай жұмсау керектігін сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жолдағы жылдамдықты бұзғаны үшін жиналған айыппұлдың бір бөлігін жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. Аймақ басшысы халықтан осы қаржыны игеру бойынша ұсыныстарын жолдауға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

БҚО әкімі Facebook әлеуметтік желісінде «Жол қауіпсіздігі. Қатысу бюджеті» атты жазба жариялады.

- «Орал қаласының жолдарына бейнекамералар қосылғаннан кейін жылдамдықты бұзғаны үшін шамамен 200 миллион теңге өндірілді. Айыппұл салу жергілікті бюджетті толтыру үшін жасалмаған. Бұзушылықтарды адам факторының араласуынсыз анықтау ЖКО санын, яғни облыс жолдарындағы тұрғындардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп - қатерді азайтуы тиіс», - деді Ғали Есқалиев.

Басылым жиналған қаражат өңірдегі көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге, бірінші кезекте жол қауіпсіздігін жақсартуға жұмсалатынын атап өтті.

- «Облыс тұрғындарының жаңа қызықты ұсыныстарына 100 миллион теңгеге дейін бөлуді ұсынамын. Нақты ұсыныстарыңызды түсініктемелерде қалдырсаңыздар, ол жақын арада жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған кеңесте қаралады. Барлық ұсыныстар ақпан айының соңында дауысқа салынады», - деді БҚО әкімі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61