Bugin
Президенттің ескертуінен кейін «ашық боламыз» деген «Самұрық-Қазына» уәдесін орындамай отыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы Atameken Business сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елден бәрін жасыратын қорға қарсы қазақстандықтар қазір петицияға қол жинай бастады. Олар мемлекеттік сатып алуға қатысты деректердің қолжетімді болуын талап етуде.
Сондай-ақ мәліметтер оңай форматта жүктеліп және талдауға мүмкіндік жасалуы тиіс деп есептейді. Не сатып алуда? Кімнен? Баға саясаты әділ ме?
Сан сауалға жауап жоқ дейді ел азаматтары. Бүгінде петицияға 500-ге жуық адам қол қойған.