Bugin

Тоқаев министрлерді сұрақтың астына алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Отырыс кезінде Премьер-министрдің баяндамасынан кейін Тоқаев Әлихан Смайыловтың орынбасары Роман Склярға тарифтерге қатысты  сұрақ қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Бұл мәселеге қатысты жедел шаралар қабылданды. 1 ақпаннан бастап табиғи монополияларға қатысты 29 субъекті орташа есеппен 80 пайызға тарифтерді төмендетті. Алайда «Богатырь көмір» көмір өндіру кәсіпорнына қатысты бір мәселе бар. Бір ЖШС 2 шақырымды жекешелендіріп алған. Өткен жыл бойынша 3,2 млрд теңге қосымша ақы алған. Көмір тоннасына 130+ теңгені құрады. Бұл тарифті 93 пайызға көбейтті. 1 наурыздан бастап тағы 20 нысанның тарифтерін төмендетеміз», - деді Скляр. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринге монополияларға қатысты сұрақ қойды. 

- «Біз өткен жылы өз ұсынымызды бердік. Сіз 3 қаңтарда заңға қол қойдыңыз. Ол бойынша негізгі тетіктер бекітілді. Осындай жағдайларды заң аясында шешуге болады», - деді ол.

Жұманғарин Маңғыстау облысындағы порттарға қатысты, коммуналдық төлем мен «Қазақтелеком» АҚ тарифтеріне қатысты арыз-шағымдар бар екенін атап өтті. 

Өз кезегінде Тоқаев монополиялық компаниялармен жұмыс маңызды екенін атап өтті. 

- «Мен өз баяндамада да жеке монополиялар мемлекеттік монополиялардан да қауіпті екенін айтып өттім. Сондықтан жалпы монополияның болуы да жақсы нәрсе емес», - деді ол.