Bugin

Бас прокуратура «Қанды қаңтар» оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялаудан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бас прокуратура тергеу құпиясын алға тартып, Қанды қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялаудан бас тартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Бас прокуратураның қаза болғандардың тізімін жариялау туралы өтінішіне берген жауабын жариялады.

"Ішкі істер органдары еш мәлімет бермеген соң, Бас прокуратураға ресми хат жолдаған едік. Бірақ құқық қорғау органы ресми тізімді беруден бас тартты. Бұған қалай түсініктеме берерімді өзім де білмеймін. Сөзім жоқ. Біздің міндетіміз қазір қаңтар оқиғасынан қаза болған, ұсталған азаматтардың тізімін жасау. Тізім толық жасалып біткен соң ғана оқиғаға баға береміз", - деді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина. 

Айта кетейік, Төреғожина 4 қаңтарда #Qantar2022 еріктілерімен бірге тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан 173 адамның тізімін жариялаған болатын.