Bugin
Бірнеше күнге жалғасқан шерулер бейбіт түрде өтіп жатыр. Жаңаөзендегі жұмыссыздар билікке тағы бір талап қойды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
«Президент Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Ноғаевқа, Жаңаөзен қаласының әкімі Ибағаровқа өтініш білдіреміз. Біз, жұмыссыз жаңаөзендіктер, мұнай саласында болашағы бар жұмыс орындарының ашылуын талап етеміз», - деді олар бейнеүндеуде.
Бірнеше күннен бері жүздеген адам тұрақты жұмысты талап етіп жатыр. Белсенділердің айтуынша, соңғы күндері наразы топ алаң маңында түнеп шыққан.
Жаңаөзен әкімінің қаңтар оқиғасы кезінде ОРДА-ға берген сұқбатына сәйкес, Жаңаөзенде 80 мыңға жуық еңбек жасындағы адам тұрады. Олардың 7-10 мыңы ғана мұнай-газ саласында жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі мемлекеттік бюджет қызметкерлері екен.
Ресми мәлімет бойынша бірнеше мың жұмыссыз адам тіркелген. Ал жергілікті белсенділер тіркелмеген, табысы тұрақсыз азаматтар одан да көп екенін айтады.