Bugin

Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады

Путин күтіп отыр 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.

"10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде.  

11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді.