Bugin

Қытай НАТО-ның кеңеюіне қарсылық танытты

Әскердің қажеті қанша, құндылық қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

НАТО-ның кеңеюі, басқа мемлекеттердің бұл әскери одақтың құрамына енгені дұрыс емес. Мұның арты әлемге қауіп төндіруі мүмкін. Осылай деп мәлімдеді Қытай Халық Республикасының үкіметі.

"Қырғи-қабақ соғыстың біткеніне 30 жыл болды. Бірақ әскери одақ әлі келе жатыр. Географиялық кеңестігі кеңейіп барады. Соның кесірінен елдер арасында дау-жанжал, саяси конфронтация туып жатыр. Мұның соңы әлемдік қауіпсіздіктің бұзылуына әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді қытай үкіметі.

Қытай тарабы аймақтың қауіпсіздік әскери күшке сүйенбеуі тиіс.

"Ең алдымен, тәуелсіз елді құрметтеу, елдің мәдениеті мен тарихын құрмет тұту, қауіпсіздігі мен мүддесіне ортақтасу сынды қасиеттер көрсетуі керек. Қырғи-қабақ соғыс түсінігімен өмір сүруге болмайды", - деп уәж айтты.

  Қазір Мәскеу мен Бейжің бірігіп, НАТО-ны тоқтатуға күш салып жатыр.