Қоғам

Молда мектеп оқушысын зорламақ болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында молда 14 жастағы оқушы қызды зорламақ болды. Жәбірленушінің айтуынша, қазір оны өлтіремін деп қорқытып жатқан көрінеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамның соты өтіп үлгерді, ол зорлау әрекеті үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қыздың анасының айтуынша, молданың туыстары сот үкімімен келіспей, қызға қоқан-лоқы көрсетіп жүрген көрінеді.

- «Олар мәлімдемені өзгертпесек, бізді өлтіретінін айтты. Олар мені мектептің қасында ұстап алды. Сосын олар мені өлтіретіндерін айтты», - дейді жәбірленуші.

Осындай қоқан-лоққылардың салдарынан отбасы үш рет тұрғылықты жерін ауыстыруға мәжбүр болды. Мектеп оқушысының анасы оларға қысым жасалып жатқанын айтады.

- «Полиция біздің өтінішімізді қарастырғысы келмейді. Қылмыс құрамы жоқ дейді. Қорқытса видеоға түсір дейді. Қандай ана қызын пышақпен қорқытып жатса видеоға түсіре алады? – деді әйел.

Бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болған, содан кейін полицейлер «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша тергеу бастады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқушы қызды қорқытқаны туралы нақты деректер жоқ.

- «Тергеу фактілерді әлі анықтаған жоқ. Біз жанжалдасушы екі тараптан да сұрадық, бірқатар тергеу амалдары жүргізілуде. Әзірге нақты дәлел жоқ», – дейді Сарыағаш аудандық ІІБ бастығының орынбасары Қуаныш Байзақов.

Жәбірленушінің анасы оларды бірнеше адам қуып келе жатқанына сенімді. Бірақ тек бір күдікті тергеуде.